МҮГЕДЕК БАЛАЛАР ИГІЛІГІНЕ
Қазалыдағы «Шапағат» мүгедек балаларды оңалту орталығында «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерінің және орталық тәрбиеленушілерінің ата-аналарының қатысуымен мүгедек балалар үшін ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы болып өтті.
Шара барысында су тұтынушыларының «Қамыстыбас» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Алдаберген Исаев мүмкіндігі шектеулі балаларға мүгедек арбалары мен сүйеніш арбалар тапсырды.
«Камыстыбас» СҚБ қызметінің тарихы 1999 жылдан басталады. 2014 жылы бірлестік БҰҰ (БҰҰДЖ) даму Бағдарламасы аясында Арал және Қазалы аудандары тұрғындарының қорғалмаған топтарының тұрмыс деңгейін жақсартуға бағытталған жобаны инновациялық әдістерді қолдану, жергілікті бастамаларды әрі қарай дамыту, олардың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық проблемаларын шешуге атсалысу арқылы жүзеге асырды.
- Бірлестік мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мүгедектерге арналған арбаларды тегін жинап-құрастырады және жөндейді, - дейді «Қамыстыбас» СҚБ жетекшісі Алдаберген Исаев. – Арбалар жеке тапсырыстар бойынша дайындалады, яғни, құрастыру кезінде мүгедек жанның бойы, салмағы және басқа да өлшемдері ескеріледі.
- «Қамыстыбас» СҚБ бұдан былай «Шапағат» РМБО-мен тығыз байланыста жұмыс істейді. Нақты міндеттемелер белгіленген – орталықтың тәрбиеленушілерін мүгедек арбаларымен және сүйеніш арбалармен қамтамасыз ету. Қазіргі күнге 5 данасы жеткізіліп берілді, тағы 5 данасы күтіп отырған жандарға жыл ішінде табысталатын болады. Мүгедектерге арналған инвентарьдың Қазақстанда іс жүзінде шығарылмайтынын, ал оларды шет елдерден сатып алу үш есе қымбатқа түсетінін ескерсек, бұл көмектің маңызы зор. Бірлестіктің географиялық тұрғыдан жақын орналасқанының мұқтаж жандар үшін маңызы аз емес, мұның басымдығы сонда – арбалары бұзылып қалған жағдайда оны қысқа мерзімде жөндетіп алуға болады.
«Шапағат» оңалту орталығының қамқоршыларының атынан қоғамдық бірлестіктер өкілдеріне «ПҚҚР» АҚ өкілі Хусайн Сәрсембаев алғыс айтты.
- «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы іргесі қаланған күннен бастап облыстағы ардагерлерге, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына, жетім балаларға және мүгедектерге қолдау көрсетіп келеді, - деп атап өтті Х.Сәрсембаев. – Әлемдік қаржы дағдарысы мұнай-газ саласына қиындық тудырып жатқанына қарамастан, «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы ауру балаларға көмек көрсетуін жалғастыра береді. Қазалылық мүгедек балаларға демеушілермен қатар Алдаберген Исаев бастаған «Қамыстыбастықтар» да көмек қолын созғаны көңілге қуаныш ұялатады. Олардың қайырымдылықтарының басты мақсаты – балаларға қуаныш және игілік сыйлау, сол үшін де оларға зор ризашылығымызды білдіреміз. Алдаберген сияқты қайырымды жандар көп болсын.
- Мен қамқоршыларға шынайы ризашылығымды білдіргім келеді, - дейді «Шапағат» РМБО президенті Шынар Жеңсікбаева. – Біздің орталықта 9 балаға мүгедек арбасы және сүйеніш арба қажет, енді бұл мәселе шешілетін болды. Сонымен қатар, ауданда осындай көмекке мұқтаж тағы ондаған жандар бар. «Қамыстыбас» бірлестігіне жетістіктер, ал Алдаберген Исаевтың игі істеріне табыс тілеймін. Олар жерлестеріне зор қуаныш және шарапат сыйлайды.
- Біз әзірге арба жасап шығармаймыз, біз тек жөндейміз. Дегенмен де, өңірде оларға деген сұраныс өте жоғары, бір ғана Арал ауданында 80 адам арбаға зәру болып отыр. Сонымен қатар, арбаға Байқоңыр ҮЕҰ өкілдері, тіпті көршілес Ақтөбе облысында да қызығушылық білдіруде. Сондықтан, мүмкіндігіміздің көкжиегін кеңейткіміз келеді, ағымдағы жылы жүзеге асыруды көздейтін әзірге жоспарда ойларымыз бар, - деп түйіндеді А.Исаев.
Қайырымдылық істерінде «Қамыстыбас» бірлестігіне біршама жобаларға бастамашы болып, жүзеге асырып жүрген қазалылық жастар «Жас Орда» ҚБ де қолдау көрсетеді.
«ПҚҚР» АҚ жұртшылықпен байланыс жүргізу бөлімі