4 қазан: Атаулы күндер мен оқиғалар

Астрономия күні
Астрономия күнін тойлау идеясы Солтүстік Каролина Астрономиялық қауымдастығының президенті Дуг Бергерге тиесілі. Ол алғаш рет 1973 жылы жарияланды.
1957 жылы Қазақстанда Байқоңыр айлағынан құрлықаралық баллистикалық зымыран көмегімен орбитаға алғашқы жасанды серік ұшырылды. Ол жердің жақын нүктесі перигейде 228 шақырым және алыс нүкте - апогейде 946 шақырымға көтеріліп, жылдамдығы 28 565 км/сағ. дейін жетті.
1991 жылы Гурьев қалалық Халық депутаттары кеңесі облыс орталығының атауын Атырау қаласы деп өзгерту туралы шешім қабылдады.
1994 жылы Ангола Республикасымен Дипломатиялық қарым-қатынастар орнату туралы хаттамаға қол қойылды.
1995 жылы Қазақстан Республикасы 1961 жылғы Сыртқы сауда арбитражы туралы Еуропа Конвенциясына қосылды.
2006 жылы «Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаментінің медициналық-ақпараттық талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК құрылды.
2012 жылы «Қазпошта» АҚ режиссер Мәжит Бегалиннің 90 жылдығына арналған көркемсуретті марканы айналымға енгізді.