Қызылордада әскерге шақыру жалғасуда
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Биыл күзгі мерзімді әскери қызметке шақыруға облысымыздан 800 –ге жуық азамат Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының қорғаныс істер жөніндегі департамент бастығы Еркінбек Байболов мәлімдеді.
«Әскери қызметке елімізді қорғауға қабілетті, денсаулығы мықты, дене бітімі шыныққан, сауаты жеткілікті, моральдік-іскерлік қабілеті жоғары азаматтар жөнелтіледі. Оның ішінде: Қарулы Күштер қатарына – 350-ге жуық, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметіне – 180-ге жуық, Мемлекеттік Күзет қызметіне - 20-ға жуық, Ішкі істер министрлігі Ұлттың Ұланына – 300-ге жуық азамат аттанады»,- деді Еркінбек Серғалиұлы.
Еске сала кетейік, қазіргі таңда өңірімізде "Жас сарбаз" мектебі жұмыс істеуде.
Ал күзгі мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі қазан айының ортасында облыс әкімінің қатысуымен өтеді.