Кәсіпкерлерге мемлекеттік өртке қарсы бақылау мен қадағалау тәртібі түсіндірілді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері "Достық үйінде" Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Мұрат Имандосовтың төрағалығымен өткізілген бірыңғай есеп беру күніне қатысты.
Кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен өткен отырыс барысында мемлекеттік бақылау-қадағалауды жүзеге асыратын органдардың бизнес-қоғамдастықпен кері байланысты қалыптастыру нәтижелері талқыланды.
Аталған кездесуде облыстың барлық мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының есептері, оның ішінде өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау қызметінің есептері тыңдалды.
Өз сөзінде Қызылорда облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Руслан Қайрақбаев мемлекеттік өрт бақылау және азаматтық қорғаныс іс-шараларын бақылау тәртібін, сондай-ақ осы салалардағы тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу үшін барлық құқықтық негіздерді түсіндірді.
Бір сағат ішінде кездесуге қатысушылар кәсіпкерлік субъектілерінің туындаған сұрақтарына тиісті жауаптар берді.