Бейсенбіде күн ашық болады - Қазгидромет
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 3 қазан күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Атмосфералық фронттардың әсерінен батыста жаңбыр жауады. Кей жерлерде республика бойынша тұман түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлеріне тұман түседі, күндіз жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күшті жел соғып, күші 15-20 м/с болады.
Атырау, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.
Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығыс бөлігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батыс бөлігінде, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының онтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.