Биыл аймақта экпорт көлемі артты
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Өңірімізде ауыл шаруашылығы өнімдері 15 мемлекетке экспортталуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараков мәлімдеді.
"Биыл облыстан Өзбекстан Республикасына 118 бас түйе, 250 бас ет бағытындағы МІҚ малдары, Біріккен Араб Әмірлігіне 950 бас қозы және Иран Ислам Республикасына 789 бас қой мен 56 бас бұқашық экспортталды. Алайда өнімді шикізат түрінде өткізу тиімсіз болғандықтан ет өндірісін дамыту қажеттілігі туындайды. Осы орайда, ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда", - деді Қамбарбек Амангелдіұлы.
Сонымен қатар, сала басшысы алдағы уақытта Жолдауда көрсетілген тапсырмалар бойынша жұмыстар жалғасатынын айтты.