Шиеліде газдандыру жұмысы жалғасуда
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Шиеліде барлығы 40 бюджеттік нысан бар. Оның 27-і газға қосылған, ал 13 нысан газ желісіне қосуға жұмыс жүргізілуде.
![](https://oldkaz.kyzylorda-news.kz/uploads/posts/2019-10/1570016178_2shieligaz1.jpg)
«Табиғи газға байланысты дайындық қалыпты. Электр энергиясы, газ, ауыз су тұрақты берілуде. Ауданда қордаланға қарыз жоқ. Жалпы жылу беру маусымы кезінде әлеуметтік нысандарда жауапты тұлғалардан кезекшілік ұйымдастырылып, қатаң бақылауда болады, – дейді тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дана Аман.