Аралда заңсыз айналымдағы темекі өнімдері тәркіленді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Арал ауданында заңсыз сатылып жатқан темекі өнімдері тәркіленді, деп хабарлайды МКД баспасөз қызметі.
«Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері тақырыптық тексеру барысында акциздік маркалары жоқ 11160 дана темекі өнімдерінің көлеңкелі айналымы бөлшек сауда сатылып жатқандығын анықтады», - делінген хабарламада.
Көлеңкелі айналымға түскен акциздік маркалары жоқ темекі өнімдері түгелдей айналымнан алынып, Арал аудандық сотына жолданған.