ТЖД бастығы халықты жеке қабылдайды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы аясында Сыр өңірінде
«Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылып, өз жұмысын бастап кетті.
Мемлекеттік органдар мен халық арасында байланысты одан әрі нығайту және халық тарапынан жиі көтерілетін сұрақтарды шешу мақсатында «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсе алаңында мемлекеттік орган басшылары мен сала жетекшілерінің жеке қабылдау күндері өткізілуде.
Осы орайда «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Р.Қайрақбаев 2019 жылдың 4 қазанында 15:00-16:00 сағат аралығында жеке қабылдау өткізеді. Осы орайда төтенше жағдайлар саласына қатысты сұрақтарды 55-10-85 телефоны арқылы қоюыңызға немесе dchs_kyzl@emer.kz электронды мекен-жайына жолдауыңызға болады.