Ғалымдар қалташадағы шайлардың өте қауіпті екенін анықтады
Канадалық ғалымдар зерттеу жүргізіп, шай қалташаларын демдеген кезде одан көптеген пластик бөлшектер бөлінетінін анықтаған деп жазады Life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қалташа арқылы демделген шайдың құрамында 11,6 миллиардқа жуық микробөлшек және 3,1 миллиард нанобөлшек болуы мүмкін. Бұл басқа тамақ өнімдері мен сусындардағы, оның ішінде пластик бөтелкелердегі судың құрамындағы микропластика көлемінен едәуір көп.
Бұл бөлшектер бастапқыда қалташаларда болмайды. Олар материалдың қайнаған сумен әрекеттесуі кезінде түзіледі екен.
Ғалымдар мұндай ұсақ бөлшектердің тірі организмге тигізер кері әсері бар-жоғын анықтамақ болады. Сөйтіп, ұсақ дафния шаянын микропластик бөлшектері бар суға салады.
Олар тірі қалған, дегенмен сәл уақыт өткен соң, іс-әрекеттерінде және анатомиялық құрылымында ауытқушылық пайда болған. Яғни, шаяндардың дамуы бұзылып, жылдам өсіп кеткен.