Қазалыда тұрғын үй мәселесі қалай шешілмек?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттің басты бағыттарының бірі саналады. Ел Президенті өз Жолдауында да аталған мәселені көтеріп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды жеңілдетілген жалдамалы үйлермен қамтуды тапсырған болатын.
Ал Қазалы ауданының азаматтары Қазақстан Республикасының “Тұрғын үй қатынастары туралы” заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар ретінде бөлімнің есепке алу және кезекке қою базасында бүгінгі күні 5 санат бойынша кезекке тіркелген.
Қазіргі таңда Қазалы ауданы бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 206, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын 524, 175 бюджеттік сала қызметкері, 140 көпбалалы отбасы және тұрғын үйі апатты деп танылған 11 азамат тіркелген. Жалпылай айтқанда мыңнан аса адам баспанға мұқтаж. Осы орайда 2012 жылдан бастап коммуналдық меншіктегі 61 тұрғын үй мұқтаж азаматтарға жалға берілген. Бүгінде аталған азаматтарды уақытша бас-панамен қамтамасыз ету мақсатында 39 тұрғынға арналған Әйтеке би кенті, Михайлюк №1 Г мекен жайында орналасқан жатақхана ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.