Қазақстанда eSIM енгізіледі
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстанда 5G енгізілгеннен кейін ұялы телефондарға eSIM енгізу мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев мәлімдеді.
«ЕSIM бойынша жаңа тұжырымдама бар. Ол чип түріндегі классикалық сим-картаның бағдарламалық деңгейде жасалатындығын білдіреді. Қазіргі уақытта ұялы байланыс операторлары eSIM тұжырымдамасын әзірлеп жатыр», - деді ол.
Осы ретте Қазақтелеком басшысы таяу аралықта бұл бағыттағы алғашқы шешімдердің жария етілетіндігін айтты.
«Сол кезде ұялы телефонға сим-картаны чип салмастан бағдарлама түрінде жасауға болады. Бұл нұсқа қазір талқыланып жатыр. Меніңше, 5G қосылғаннан кейін технологиялардың басым бөлігі eSIM негізінде енгізіледі», - деді Қ.Есекеев.