Әйтеке би кентінде ауыз су мәселесі толық шешім тапқан
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің тұрғындары тіршілік көзімен толық қамтамасыз етілген.
Орталықтандырылған Арал-Сарбұлақ топтық су құбыры арқылы 22 ауыл, 6 елді мекен (Ажар, Шилі, Шәкен, Сарбұлақ, Бірлік, Жұбан) су тұшыту қондырғысы орнатылған скважинадан, 4 ауыл (Шөлқұм, Сортүбек, Мәдениет, Қожақазған) тікелей скважина арқылы және Тапа ауылы шахталық құдықтан су ішіп отыр. Ал №101, 102, 103 разъездер ауызсуды тасып ішеді. 8 елді мекен Байқожа локальды су жүйесі арқылы, 1-еуі Водокачка насос стансасы арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Арал-Сарбұлақ топтық су құбырына қосылған барлығы 22 елді мекеннің 15-інде сервистік су тарату жүйесі бар.
Сонымен бірге Жанқожа батыр, Майдакөл, Бекарыстан би ауылы тұрғындары қоғамдық су тарату колонкасы арқылы ауызсумен қамтылуда. Байқожа локальды су жүйесінің тұтынушылары Байқожа, Еңбекшіқазақ, Майлыбас, Қызыләскер, Көбек, Ойынды, Алтай разьездерінің тұрғындары қоғамдық су тарату колонкасы арқылы ауызсу пайдаланса, Ақсуат елді мекенінің тұрғындары сервистік су тарату жүйесіне тәуелді.
Биыл Ү.Түктібаев, Жалпақ елді мекендеріндегі су құбыры желілерін тұтынушылар учаскесінің аймағына жеткізу жұмыстары жүргізілген. Алдағы уақытта Бекарыстан би, Жанқожа батыр, Майдакөл елді мекендеріне сервистік ауыз су құбырын жеткізіп беру мақсатында жоба әзірленіп, облыстық бюджетке қаржыландыруға ұсынылады. Бұнымен бірге Байқожа топтық су құбырын қайта жаңғырту жобасына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, сараптамадан өткізуге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.