Сырдария ауданындағы "Майжарма" каналына көпір салынуда
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Тереңөзек кентінің тұрғындары бірнеше жылдан бері "Майжарма" каналының А.Әлиакбаров және С.Усабаев көшелерімен түйісетін тұсына көпір салу жөнінде өтініш айтып, мәселе көтеріп жүрген болатын.
Аудан әкімі Р.Рүстемовтің жұмыс кестесіне сәйкес өткен айда өткізілген Тереңөзек кентінің тұрғындарымен кездесуде де көпір мәселесі қайта көтірілді. Кездесу қорытындысында аудан басшысы "Майжарма" каналына көпір салу жұмыстарын жеделдетуді, құрылысты сапалы жүргізуді, тұрғындардың талап-тілегін ескеруді тиісті сала абсшыларына тапсырған-ды.
Демеушілер есебінен қазіргі таңда көпір құрылысы қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Бұл жұмысқа аудан көлеміндегі кәсіпкерлер де белсене атсалысуда.
Айта кету керек, берекел іске бейім аудандағы жүйел жұмыс нәтижесінде "Майжарма" каналына салынып жатқан көпір жақын күндері пайдалануға берілмек. Бұл кенттегі көлік қатынасын реттеп, жүйелендіреді деп күтілуде. Бірлігі бекем аудандағы бұл жұмыс халықтың ауызбіршілігін, ынтымағын білдіреді.