Білім саласындағы жемқорлық азаймай тұр
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Соңғы жылдары Республика бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері сақталып отырған салалардың бірі – білім саласы. Осы орайда «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері өңірдегі білім, ғылым салаларындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының жағдайын талқылады.

Жиын барысында тиісті сала басшылары атқарылған жұмыстар бойынша хабарлама жасап, комиссия тарапынан жасалған ескертулерді орындауға уәде етті.
Атап өту керек осы кезге дейін «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы қызметін атқарып келген Наурызбай Байқадамов басқа қызметке ауысуына байланысты Мақсұт Нәлібаев аталған қоғамдық кеңестің төрағасы етіп сайланды.