Қызылордада автокөлік ұрлаған күдікті қолға түсті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Оқиға қыркүйек айының 26-нан 27-не қараған түні орын алған. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қала тұрғыны өзінің ауласында тұрған шетел автокөлігін біреу белгісіз бағытқа айдап кеткендігі жөнінде полицияға арызданған.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде 32 жастағы бұрын сотты болған Қазалы ауданының тұрғыны ұсталды.
«Орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», - делінген хабарламада.