Қызылордада мал ұрлығын кәсіп еткендер ұсталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Ағымдағы жылдың маусым айында Жалағаш ауданы полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру шаралары нәтижесінде мал ұрлықтарына күдікті 58 және 33 жастағы екі тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күдіктілер Жалағаш және Сырдария ауданының төңірегінде мал ұрлығын кәсіп еткен. Олар 10 жәбірленушілерге жалпы 3 820 000 (үш миллион сегіз жүз жиырма мың) теңгеге мүліктік шығын келтірген.
Барлық деректер бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілген. Оларға қатысты «қамаққа алу» түріндегі бұлтартпай шарасы қолданылды.
Қылмыстық іс Жалағаш аудандық сотына жолданды. Күдіктілер келтірілген залалды толығымен өтеп, 7 тамыздағы сот шешімімен тараптардың ымыраласуына байланысты іс қысқартылды.