Алдағы екі күнде жерден магниттік толқын өтеді – Мамандар кеңес береді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 28 және 29 қыркүйек күндері Жерде G1 және G2 санаттарына жататын магниттік толқын болады деп күтілуде, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ғалымдардың айтуынша, 28 қыркүйекте оның қарқыны орташа болады, ал 29 қыркүйекте салыстырмалы түрде бәсеңдейді.
Магниттік дауыл денсаулығы ауа-райына тәуелді адамдарға қиындық тудыруы мүмкін. Жер тұрғындарының 10-15%-ы геомагниттік белсенділікке төзімсіз келеді.
Магниттік толқынның әсерін азайту үшін қарапайым судың пайдасы зор. Мамандар бұл күндері физикалық белсенділікті азайтуға, уақытылы тамақтануға және көбірек су ішуге кеңес береді.
Сондай-ақ, ұйқының бұзылуы, тітіркену және әлсіздіктің болуы мүмкін екенін және оның магниттік дауыл аяқталғаннан кейін қалпына келетінін ескертеді. Тітіркену жағдайлары орын алған жағдайда шай мен тыныштандырғыш дәрілер көмектеседі.
Осыған дейін магниттік дауыл биыл мамыр айында тіркелген. Ғалымдардың айтуынша, мұндай дауылдар 10-20 жылда бір рет болады.