Тұтынушылардың құқығын қорғау – халық тұрмысын арттырудың негізгі жолы
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Осы тақырыпқа Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Тұтынушылар құқығын қорғау» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру аясында “Fulcrum Foundation” азаматтық бастамаларды қолдау қоғамдық қорының ұйымдастырумен облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтында «дөңгелек үстел» өтті.
Кездесу барысында жоба жетекшісі Сәрсенбай Ұлмекен тұтынушылар білуге тиіс ақпараттармен бөлісіп, жадынамалар таратты.
Жоба заңгері «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңына түсіндірме» атты баяндама жасап, қатысушыларға маңызды ақпараттарды назарға сала отырып, әрбір тұтынушы өз құқығын қорғауға құқылы екенін сөз етті.
Шара соңында қатысушылар тақырып бойынша сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Сөз соңында қатысушыларға тұтынушылардың құқығы бұзылған уақытта хабарласуға болатын жедел желілер, әлеуметтеттік парақша мен сайт таныстырылды.