Гүлзира Айдарбекова Уәлибек Әбдірайымовқа жауап берді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Бірнеше күн бұрын Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртастың "Шаншарда" өнер көрсеткен кезін есіне алып, әншінің продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбекова ұлын сахнаға шығару үшін базарда аталмыш әзіл-оспақ театрының билеттерін сатқанын айтып еді. Актердің пікіріне Қайраттың анасы жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әбдірайымовтың сұхбатынан кейін Қайрат Нұртас белгілі ақын Саят Әбеновтың өлең жолдарын жариялады.
"Құлатуға дайынбыз, Жылатуға дайынбыз. Жылап болған көзді де, Жұбатуға дайынбыз", - деп жазды әнші.
Қайраттың оқырмандары жазбаға түрлі пікір қалдырды. Соның бірі "Қайреке, Уәлибекті "жоски" қадап кетіпсің ғой. Әжептәуір жігіті ең ғой, Шымқаланың" деп жазды. Ол оқырманға Гүлзира Айдарбекова жауап берді.
"Жоски қадап кетті дейтіндей, барамын деп уәде беріп жарнамаға жариялатқан жоқ. Екі концертке шақырды, бара алмайтынын мен айттым, Қайрат емес. Қайрат қай күні қайда барам деп заказ алып отырмайды, ол білмейді де, заказды алатын біз. Тиіссе маған тиіссін, әкесіне де, Қайратқа да одан қалса бүкіл өнер адамдарына тиіспей. 25 жылдық кешіне бара алмайтынын, өз жұмысымыз бар екенін айтқанда жасап отырған ылаңы ғой Уәкеңнің. Қайратты шақырғандар ақымақ дейді, сонда өзі неге ақымақ болып қайта-қайта шақыртып отыр. Одан қалса Қайратты тыңдамайтын қазақ жоқтың қасы, бүкіл қазақ халқы ақымақ болып тұрғаны ғой. Онда бәрің тек "Шаншарға" барсаңдаршы. Қаршадай балаға, сақалы сапсиғанда тиісіп отырғанының өзі.." - деп жазды ол.
"Уакең, Қайратты өссін-өнсін, шығарайық деп шығарған жоқ шығар. Билеттерін өткізіп берейін деп, менде қолымнан келгенше көмектестім. Мойнымда қарызым жоқ. Ол Қайраттың мектепте оқып жүрген кезі болатын. Ол концертке шығармасам, басқа концертке шығарар едім, шығардым да.
Сол "Шаншардан танылды" деп айту артығырақ. Бәрібірде Уакеңді сыйлаймыз, Нүрекең өткен жолы бір ауыз сөзін тастамай, Астанадан арнайы Шымкент облысына бәйгесіне барып ақшасын да қосып кетті, олда болса сол кісіге деген құрметіміз. Қайраттың бос еместігін айтқанымыз күнә емес шығар, уәде беріп бармай қалсақ әңгіме басқа. Қайрат та халықтың адамы, бос күні санаулы, ағасы не көкесі шақырып еді деп халықтың қызықшылығындағы тапсырыстарына бейқам қарай алмаймыз.
О баста, біреуге сенбе өзіңе сен, ешкімге тәуелді болма, ана тойыма кіріп бер, мына жаққа кіріп бер деген ешкімнің міндеті болмасын деп тәрбие бергенбіз. Ал Экспо концертіне деп звондағаны рас, ол кезде де бос емес еді, бірақ тура сол концертке басқа жігіттер звондап қоймаған соң, бәрібір команда шығар деп, Уакеңнен ұят болмасын деп, той иесінен кешірім сұрап, келіскен болатынбыз.
Сөйтсем бір концерт болғанымен басқа адам екен. Кейін Уәкең звондаған соң, сіздің команда екен деп ойлап, ұят болмасын деп сіз үшін жіберіп едім деп айтып смс-терімізді жібергенмін. "Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан" дегендей бәрібір реніш болды. Себебі өзімізде көмекшілерімізге тапсырып жатамыз, солай көмекшілері бәрі бір команда бір концерт болған соң деп ойлағанымыз да рас" - дейді әншінің анасы.