Өз-өзіңді жақсы көру деген не?
Өз-өзіңді жақсы көру деген не? Ол – өз-өзіңе деген сенімділік, өзіңе құрметпен қарау және өзіңді бағалау.
Көбіміздің кежегеміз керіп тартып «жоқ, мен бұған лайық емеспін» деген түсінікпен көп нәрседен қағыламыз. Тіпті де олай емес, есіңізде болсын, сіз мынау дүниедегі ең жақсы нәрселерге, бақыт пен қуанышқа толығымен лайықсыз!
Адам өз-өзін жақсы көру үшін не істеу керек?
1. Өз-өзін мақтау
Өз-өзіңізді мүмкіндігінше көп мақтаңыз. Жақсы жасалған жұмыс үшін, дәмді дайындалған тамақ үшін мақтаңыз, бүгін темекі шекпегеніңізді мақтаңыз. Сәтсіз жағдайларды құлағыңыздан асырып жіберіп, нәрселердің тек жақсы жағын көруге тырысыңыз! Ұйықтар алдында тек жақсы дүниелерді ғана еске түсіруді әдетке айналдырыңыз.
2. Өз-өзіңізге сыйлық жасаңыз
Қабағыңыз түсіп, қатты қапаланып отырсыз ба? Өзіңізге сыйлық беріңіз! Ол сыйлық мынадай болуы мүмкін: киноға бару, тәтті түскі ас, жаңа киім-кешек, бір шыныаяқ кофе... Жәй ғана қазір не істегіңіз кеп тұрғанын ойлаңыз! Біз үнемі сүйікті адамдарымызға сыйлық жасауға асығамыз, ал неге өзімізге сыйлық бермеске?!
3. Өз бейнеңізбен сөйлесіңіз
Айна алдына тұрыңыз да, өз бейнеңізбен тілдесіңіз. Өз-өзіңіздің жақсы жақтарыңызды, керемет адам екеніңізді айтыңыз. Тек жақсы нәрселерді ғана айтыңыз. «Менің көздерім қандай әдемі!» немесе «Мен күштімін, бұл қиындықты жеңе аламын!» деген сияқты сөздермен өзіңізге күш беріңіз. Сын айта көрмеңіз! Өзіңізге басқа адамның сын айтқанын қаламайсыз ғой! Бұл жаттығуды айына бірнеше рет істесеңіз, нәтижесі міндетті түрде болады.
Қысқасы, өзіңізді жақсы көре білгенде ғана басқалар сізді жақсы көре бастайды.