Сатаев жаңа фильмге не үшін Головкинді емес, Сәпиевті таңдағанын айтты
oldkaz.kyzylorda-news.kz. "Томирис" фильмінің тұсаукесеріне арналған баспасөз мәслихатында режиссер Ақан Сатаев жаңа туындысы туралы айтып берді. Ол фильмде Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің спорттық жолы баяндалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Боксшы" – бұл фильмнің бастапқы атауы, бұл барлық чемпионымыздың образы. Бірақ біз Серік Сәпиевтің өмірбаянына сүйенеміз", - деді Сатаев астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Осы орайда журналистер Сәпиевтің өмірбаянын неге таңдағанын сұрады. Себебі одан бөлек Головкин сияқты әлемдік бокс шыңына шыққан спортшылар бар. Режиссердің сөзіне қарағанда, бұл – идеологиялық жұмыс.
"Біз кино түсіргенде біреуді мақтап-мадақтауды мақсат етпейміз. Бұл, шынымен де, қаһарманның тарихы, чемпионның жүріп өткен жолы. Біз Генадий Головкин, Бекзат Саттарханов туралы фильмдерді де түсіруге қарсы емеспіз.", - деп жауап берді Сатаев.