Кеңес төрағасы Әдеп жөніндегі уәкілдермен кездесті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының ұйымдастыруымен Әдеп жөніндегі уәкілдерге семинар ұйымдастырылды.
«Мемлекеттік саясат және қызметтік әдеп нормалары» тақырыбында өткен семинарға өңірдегі мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдері қатысты.
Семинарда алғы сөз сөйлеген Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Н.Талқанбаев уәкілдерге әдеп нормаларын бұзудың алдын алу, мемлекеттік қызметшілермен әдеп бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қатаң ұстану бағытында шараларды күшейту туралы хабарлама жасады.
Сондай-ақ, Агенттіктің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі И.Құттықожаев Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметінің маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталды.
Бүгінгі таңда, облыс әкімінің аппаратында Әдеп жөніндегі уәкіл дербес лауазымды атқарса, қала, аудан әкімдіктерінде, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде Әдеп жөніндегі уәкіл функциялары сол мемлекеттік органда қызмет атқаратын тәжірибесі мол, іскерлік, адамдармен тіл табысу қабілеті жоғары мемлекеттік қызметшіге жүктелген.
Әдеп жөніндегі уәкілдерге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Б.Ниязов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы превенция шаралары», Академия филиалының доценті А.Аяғанова «Сананың ашықтығы: психологиялық астар, конфликтілерді шешудегі коучинг», облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары А.Тәжі «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізудің заманауи ерекшеліктері», Академия филиалының профессоры А.Мадалиева «Президент Жолдауынан туындайтын мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптардың басым бағыттары» және департамент басшысының орынбасары Б.Байхожаев «Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасы» тақырыптарында дәрістер оқылды.