Қызылордада өзбекстандық азамат жол апатына себепкер болды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Жалағаш ауданы аумағында жол-көлік оқиғасы болды. Жол бойында екі көлік бір-бірімен соқтығысып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жол апатынан қайтыс болғандар жоқ. Зардап шеккен бір азамат медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 2-бөлігіменсотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.