Қазақстанның 7 өңірінде үсік жүреді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстанның басым бөлігінде антициклон ағымына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болып, күндіз Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының кей жерлерінде, Карағанды облысының оңтүстік, оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.