Премьер-министр Асқар Мамин Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жұмыс сапары барысында Байқоңыр қаласындағы әлеуметтік нысандарды аралады. Атап айтқанда, Байқоңыр қаласындағы жаңа шағын ауданда болып, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған көп қабатты тұрғын үйлерімен танысты."Ресей" мен «Нөлдік квартал» қонақ үй кешендерінің қайта жаңғырту жұмыстарын да аралап көрді.
«Қызылорда облысын газдандыру және жаңа активтер құру» инвестициялық жобасын іске асыру аясында Байқоңыр қаласының жеткізуші газ құбыры мен кварталішілік газ тарату желілерін салу бойынша жұмыстар жүргізілген болатын. Бүгінде қазақстандық 6 әлеуметтік нысанмен жаңадан бой көтерген 5 көпқабатты тұрғын үй газ желілеріне қосылған.