«Көкнәр-2019»: Қызылорда облысында 524 келі есірткі тәркіленді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 1 маусым – 30 қазан аралығында республика көлемінде «Көкнәр-2019» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шараның 3 айының қорытындысымен Қызылорда облысының аумағында 274 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 16 дерегі есірткі затын сату, 14 – есірткі затын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау, 66 – есірткіні заңсыз егу.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша заңсыз айналымынан 524 кг. есірткі заттары алынды.