Қаржы министрлігі жер және мүлік салығын 1-ші қазаннан кешіктірмей төлеуді ескертеді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Салық төлеу туралы хабарламалар 3 түрде келеді.
Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы Олжас Отар мәлімдеді.
"Жер және мүлік салығы төлеу 1 қазаннан кешіктірілмеуі тиіс. 19 қыркүйектен бастап мүлік салығы мен жер салығы туралы SMS-хабарламалар қазақстандық салық төлеушілерге (жеке тұлғаларға) жіберіліп жатыр", – деді Олжас Отар.
Жіберілген SMS-хабарламада көрсетілген мүлік салығы мен жер салығының сомасына:
•2018 жылға есептелген салықтары;
•2019 жылғы 16 қыркүйектегі жағдай бойынша жеке тұлғалардың шоттарында қалыптасқан берешек және артық төлемдер сомалары қосылған.
SMS–хабарламалар тарату қызметі пилоттық жобасы іске қосылды
SMS–хабарламалар тарату қызметі пилоттық режимде жеке тұлғаларды салық міндеттемелері туралы уақтылы хабардар ету мақсатында іске қосылды.
Бұл "Салықтық әкімшілендіруді реформалау" жобасының аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі әзірлеген "Интегралды деректер базасы" ақпараттық жүйесінің "Жергілікті салықтар" ішкі жүйесінің цифрлануы арқасында жүзеге асып жатыр.
"Интегралды деректер базасы" ақпараттық жүйесі салық төлеушілерге салық органдары есептейтін жергілікті салықтардың сомалары туралы хабарлама жіберу қызметін жүзеге асырады.
Таяу уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары ұялы құрылғыларда төлеуге тиісті салық сомасы туралы SMS-хабарламалар алады.
SMS-хабарламаның артықшылығы – жеке тұлғаларға салық міндеттемелері туралы хабарламалардың жедел жеткізілуіне жүз пайыз дерлік кепілдік береді. Барлық ұялы телефондарды пайдаланушыларды, оның ішінде, батырмалы ұялы телефондардың иелерінің басын қосатын үлкен аудитория.
Сондай-ақ, жеке тұлғаларға осындай хабарламалар ірі банктерінің бірі – "Kaspi Bank" АҚ мобильді қосымшасы арқылы да жіберіледі.
Салық туралы хабарламалар 3 түрлі тәсілмен жіберіледі
•SMS-хабарламасы арқылы;
•коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің курьерлік қызметі арқылы;
•egov.kz, яғни "Салық төлеушілер кабинеті" қызметін пайдаланушыларға электронды түрде жіберілді.
Салық төлеудің ыңғайлы жолын таңдаңыз
Жеке тұлғалар кез-келген ыңғайлы жолмен салық төлей алады:
•екінші деңгейдегі банк бөлімшелерінде;
•төлем терминалдары мен банкоматтарда қолма-қол ақшамен немесе банктік картпен;
•банк қосымшалары арқылы немесе банктік карталарды қолдана отырып www.kgd.gov.kz сайтындағы электронды қызметтерді пайдалана отырып салықтарын төлей алады.
Анықтама үшін жеке тұлғалар бірыңғай байланыс орталығының ақысыз нөміріне – 1414 жүгіне алады.