Қызылордада әріптестері Айдар Абдуалиевті жаңа қызметке шығарып салды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Айдар Сейсенбекұлы Абдуалиев жаңа қызметке тағайындалды.
«Бұған дейін Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Айдар Абдуалиев жаңа қызметке тағайындалып отыр. Айдар Сейсенбекұлы өз ісін жақсы білетін, басқарушылық және ұйымдастырушылық қабілеті мен біліктілігі мол маман, қай қызметте болсын жұмысын жоғары кәсіби деңгейде атқарып келе жатқан азамат екенін атап өткім келеді. Жергілікті атқарушы органдарда жемісті еңбек еткені үшін алғыс білдіремін, алдағы жұмыстарына табыс тілеймін», - деді аймақ басшысы Қ.Ысқақов.
Айта кетейік, Айдар Сейсенбекұлы өңірде 2013 жылдан бастап еңбек етіп келді.
Жалпы, Айдар Сейсенбекұлы өзінің іскерлігі мен біліктілігінің арқасында сеніп тапсырылған салаларда жемісті еңбек етіп, аймақтың әлеуметтік және экономикалық әлеуетінің артуына сүбелі үлес қосты.
Облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен шешіміне сәйкес аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Айдар Абдуалиевті облыстың ең жоғарғы наградасы Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен марапаттады.
«Қызылорда облысында қызмет бабымен 7 жылға жуық уақыт ішінде талай тәжірибе жинап, жанашыр достар таптым, Сыр елі маған әрқашан ыстық»,- деген Айдар Сейсенбекұлы барша әріптестеріне алғысын айтты.