Қызылордада заңсыз қару сақтаған 27 тұрғын жауапқа тартылды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы көлемінде заңсыз атыс қаруымен жасалатын және қару ұрлығы қылмыстарының алдын алу, болдырмау мақсатында қыркүйек айының 18-20 күндері аралығында «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның 3 күнінде облыс көлемінде 3758 қару иелері тексеріліп, 116 құқық бұзушылық анықталды. Заңсыз айналымнан 21 дана қару тәркіленді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 484-бабына сәйкес (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу) 42 азаматқа, 486-бабына сәйкес (Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу) 27 азаматқа әкімшілік шара көрілді.
Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін 69 қару иелері емтихан тапсыруға жолданды.