26 қыркүйек: Атаулы күндер мен оқиғалар
Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні алғаш рет 2011 жылы Индонезияда тойланды. Индонезиялық белсенді студенттер осы мерекеге гимн жазып, оны мейрамның ашылу салтанатында орындады. 2012 жылы атаулы күнді Африка мен Еуропаның көптеген елдері атап өтіп,
2013 жылы Канада, Аустралия, Америка, Азия белсенділері де осы мейрамға үн қосты.
Халықаралық ядролық қаруды толығымен жою үшін күрес күні
БҰҰ Бас Ассамблеясының тиісті қарарымен 2013 жылдың желтоқсанында бекітілді.
1970 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қаулысымен Алматы жалпы әскери командалық училищесі құрылды. Ол кейіннен Құрлық әскерлерінің әскери институтына айналдырылды. Институттың басты міндеті - құрлық әскерлерінің жоғары білікті офицерлерін дайындау. Ұжымдық Қауіпсіздік туралы келісім аясында мұнда Қырғызстан және Тәжікстан өкілдері де білім алады.
1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен «Фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді.
2003 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне ұлттық мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды. Бүгінгі таңда университеттің 10 факультетінде 63 мамандық бойынша кадрлар даярланып, 14 мыңнан астам студент, 650 аспирант, докторанттар және ғылыми ізденушілер дәріс алады. 63 кафедрада 1100 оқытушы бар, оның 226-ы ғылым докторы, профессоры, 550-і ғылым кандидаттары мен доценттер.
2005 жылы Атырау мұнай өндеу зауытының есімі ғаламшарға берілді.
«Рос Астро» аспан денелер тізімдемесінде Атыраудың мұнай өндеуші зауытының есімі Бикеш шоқжұлдызының тоғызыншы көлеміндегі жұлдызға берілді. Галактикалық координаттар бойынша ол Күннен 281 жарық жыл ұзындығында орналасқан. Халықаралық нөмірі - FE 095-259.