Қызылордада автокөлік өртенді (видео)
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 2019 жылдың 22 қыркүйегінде 12:40 минутта «112» орталық нөміріне Еңбекші көшесінде УАЗ «Фермер» автокөлігінің жанып жатқаны жөнінде хабарлама келіп түсті.

Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі дәнекерлеу жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан болған.
Қазіргі уақытта өрттің шығыны анықталуда.