Еліміздің төрт өңірінде 3 градусқа дейін үсік жүреді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстанның басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с және одан аса күшейюі күтіледі, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.
Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарында жел 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с және одан күшті жел күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік жүреді.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Карағанды облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан жекелеген ауданында өте жоғары