Қызылордада агроөнеркәсіптік кешен қарқынды дамып келеді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Елімізде әлеуметтік-экономикалық қана емес, салмағы басым жетекші салалардың бірі – ауыл шаруашылығы. Мемлекеттік қолдау аясында соңғы жылдары Қызылорда облысының агроөнеркәсіптік кешені қарқынды даму үстінде. Дихандардың тынымсыз еңбегінің арқасында күріштен мол өнім алып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған мал шаруашылығы да алдыңғы қатарда.
Қызылорда облысы әкімінің 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарында агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша көптеген ауқымды жұмыстар жоспарланған:
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталға салынған инвестиция көлемін 2018 жыл деңгейінен 115,0 пайызға өсуін қамтамасыз ету;
ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өндірісінің өсімін 2018 жылға қарағанда 102,6 пайыздан төмен болмауын қамтамасыз ету;
ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігін 121,1 пайызға арттыруын қамтамасыз ету;
тамақ өнімдерін өңдіру көлемінің 124,1 пайызға дейін арттыруды қамтамасыз ету;
ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорт көлемін 20 пайызға арттыруды қамтамасыз ету;
агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасында белгіленген индикаторларға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісілген өңірлік бағдарламасының тұжырымдамасын жобалық басқару арқылы іске асыруды қамтамасыз ету.
Сұранысы жоғары экспортқа бағытталған күріш сорттарын өндіру бойынша шаралар қабылдау.
Егісті әртараптандыру мақсатында майлы және мал азықтық дақылдардың егіс көлемін көбейтуге ықпал жасау.
Қызылорда қаласында көлемі 2 гектар құрайтын «КазАгроМир» ЖШС-нің автоматтандырылған жылыжай кешенінің үзіліссіз жұмыс жасауын ұйымдастыру.
Сырдария ауданында «Шаған Агрофуд» ЖШС-нің, Жалағаш ауданында «Агролидер «Таң» ЖШС-нің, Жаңақорған ауданында «Бекарыс Агрофуд» ЖШС-нің базаларында мал сою алаңдары мен репродукторлық шаруашылықтарын құру жобаларын іске асыру.
Шиелі ауданында «Сыр агро және К» ЖШС-нің тауарлы сүт фермасының құрылысын аяқтауға ықпал жасау;
Қазалы ауданында «Рза» АҚ-ның тауар сүт фермасына асыл тұқымды аналық сүт бағытындағы сиырларды импорттауға ықпал жасау.
«Ақмая» шаруа қожалығының базасында «нүктелік егіншілікке» арналған «Akmaya Smart Farm» пилоттық жобаны жүзеге асыруды аяқтау және барлық шаруашылық құрылымдарда жобаны тәжірибе ретінде таратуды ұйымдастыру;
Қызылорда қаласында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ет комбинатының құрылысы жобасын жүзеге асыруды аяқтау;
Қармақшы ауданында «Қармақшы құс» ЖШС-нің құс фабрикасын салу мен Қызылорда қаласында «Самұрық құс» ЖШС құс фермасын кеңейту жобаларын іске асыруды аяқтау.
Экспортталатын агроөнеркәсіп кешені тауарларының түрін, әсіресе өңдеу кәсіпорындарының өнімдерін арттыру бойынша шаралар қабылдау (күріш, балық, ет, бақша, көкөніс).
Өндірістік негізде суды үнемдеу технологияларын пайдалану арқылы көкөніс және бақша дақылдарын өсіруді ұйымдастыру;
Шиелі ауданында 20 жылыжай құрылысын салуды ұйымдастыру;
«Сыбаға» бардарламасы аясында шет елдерден ет бағытында кем дегенде 1250 бас асыл тұқымды ірі қара малын сатып алуға және шаруа қожалықтар арқылы осы бағдарлама аясында 60 мың бас қой сатып алуға «Қазагро» ҰБХ» АҚ-ның қаржы институттарына сұраныс беруді ұйымдастыру;
қолда бар мүйізді ірі қара малы аналығының 62,9 пайызын, қойдың 34,5 пайызын тұқым түрлендіру жұмыстарына қатысуды ұйымдастыру;
балық, етті-сүтті және көкөніс өнімдерін өңдеуді дамыту үшін өңдеу кәсіпорындарын ашуды ұйымдастыру.
ауыл шаруашылығы техникалары паркін жаңалау бойынша жұмысты жалғастыру;
басым дақылдарды, тыңайтқыш және гербицидтердің құнын арзандату, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу қызметінің құнын, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауды жалғастыру;
мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылып, мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерді ауыл шаруашылық айналымына қайта енгізу шараларын жалғастыру;
босалқы жер қорынан ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тарту бойынша жұмыстарды жалғастыру.
Пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау бойынша тексеру (түгендеу) жөнінде ұсыныстар және жер кадастрының процестерін цифрландыруды көздейтін «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін әзірлей отырып барлық ауыл шаруашылығы жерлеріне аудит және жер кадастрына цифрландыруды жүргізу.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен ауыл шаруашылығына арналған жерлерді сату мен жалға беруге мораторий жөніндегі мәселені пысықтау.
Мелиоративтік жағдайды жақсарту және суармалы жер ауданын ұлғайту бойынша жұмыстарды жалғастыру.
Су ресурстарының, ирригациялық жүйелердің, сумен жабдықтау инфрақұрылымының толық аудитін жүргізіп, оларды жөндеу мен жаңғырту, сондай-ақ, жаңа суармалы жерлерді айналымға қосу бойынша шаралар кешенін әзірлеу.
Мақсаты бойынша пайдаланылмаған немесе Қазақстан Республикасы заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын барлық ауылшаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтаруға бақылауды күшейту.