Цифрландыру – бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастырады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында экономика салаларын цифрландыру мен жобалық менеджмент аясында жобаларды жүзеге асыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мысалы, 2018 жылы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Ақылды қала» тұжырымдамасы аясында 4,8 млрд. теңгеге 40 жоба жүзеге асырылды.
Аталған жобалар бойынша 10 бағытта жұмыс жүргізілді, оның 5-уі білім беру, денсаулық сақтау, коммуналдық шаруашылық, көлік жән қауіпсіздік салаларында жұмыс атқарылды.
Цифрлық технологияларды дамыту мақсатында, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Қызылорда облысы әкімінің 2019 жылға арналған бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарына сәйкес бір қатар жобалар жоспарлануда:
электрондық түрде алынған қызметтердің үлесін 45 пайызға дейін арттыру бойынша жұмыстарды күшейтуді қамтамасыз ету;
тұрғындардың цифрлық сауаттылық деңгейін 80 пайызға дейін арттыруды қамтамасыз ету;
білім беру саласына жұмысқа орналастырудың электрондық жүйесін ендіруді қамтамасыз ету;
объектілерді тану функциясымен бейнекамералар және жол қозғалысы ережелерін тіркеудің автоматтандырылған құралдары арқылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
«Бірыңғай 112 кезекші-диспетчерлік қызметін» облыс аудандарында ендіруді қамтамасыз ету.
Тегін тасымалдауды ұсыну, лагерьлерде демалу үшін жолдама беру, проактивті негізде жалпы орта білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау мен тегін тамақтануды ұсыну бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуді ендіруді қамтамасыз ету;
тұрғындардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру үшін «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасын енгізуді қамтамасыз ету;
«Битрикс-24» жобалық басқару ақпараттық жүйесіндегі «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыру аясында аймақ жобаларының жүзеге асырылуына уақытылы мониторинг жүргізу.
Жобалық басқару аясында «Өңдеу өнеркәсібі мен таукен секторының жеке салаларын базалық индустрияландыру», «Экспортқа бағытталған кәсіпорындарға қолдау көрсету», «Жылу-энергетикалық кешенді дамыту» жобасы бойынша, жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиямен бекітілген орталық мемлекеттік органдардың салалық және тікелей бағыттары аясындағы денсаулық сақтау саласында аймақтан ұсынылған бастамалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарды қолдау аясында тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру барысында заңнаманың сақталуына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алуларды жариялау барысында уәкілетті органдармен анықтаған бұзушылықтарды барынша азайту мақсатында құқық бұзушылықтар Тізілімі бағдарламасының деректер базасын кеңінен пайдалануды қамтамасыз ету;
Облыстың бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізу.
Ақпараттық жүйелерді біріктіру, цифрлы мобильді құрылғыларды пайдалану, денсаулықтың электронды төлқұжатын енгізу, «қағазсыз ауруханаға» өту бойынша жұмыстарды жандандыруды жалғастыру;
бүкіл облыстағы медициналық ұйымдарда алғашқы медициналық-санитарлық көмектің патронажды қызмет көрсетудің жалпы прогрессивті үлгісін енгізуді жалғастыру.
«Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетілетін жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды ұйымдастыру.
«Бизнестің жол картасы 2020», «Нұрлы жер», «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары шеңберіндегі мемлекеттік қызметтерді, жер қатынастары саласындағы рәсімдерді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы қызметтерді цифрландыру мәселелерін пысықтау.
Бұл жобалар, ең бірінші кезекте, бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыратынын ерекше атап өткен жөн.