Қызылорда облыстық ҚАЖД басшысының орынбасары пара алу үстінде ұсталды (видео)
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының бірінші орынбасары, әділет майоры пара алып жатқан жерінен ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесе отырып, Қызылорда облысы қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының бірінші орынбасары, әділет майорын едәуір көлемде пара алу үстінде ұстады», - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, ол өзіне бағынышты адамнан қызметі бойынша жалпы қамқорлық үшін айтарлықтай қомақты сомада пара алды деген күдікке ілініп отыр.
Күдікті ұсталып, Қызылорда қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.