Қызылордалық мұғалім Германияда зерттеу тәжірибесімен бөлісті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің сарапшы мұғалімі Ақбота Мамадияр Германия елінде өткен халықаралық ЕСЕR конференциясына қатысып, білім саласында жүргізген зерттеулерін таныстырды.
Неміс қаласы Гамбургте өткен білім беру саласындағы зерттеушілердіңхалықаралық конференциясына 75 мемлекеттен 3000 жуық ғалымдар, педагогтер мен білім саласының қызметкерлері қатысып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.
Конференцияға қатысуға Грант иегері атанған қызылордалық Зияткерлік мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Акбота Мамадияр аталмыш шарада өзінің педагогикалық тәжірибесіндегі зерттеулері туралы баяндады. Алғашқы жұмысы оқу бағдарламаларды ұстаздардың қолдану тиімділігі мен талдау нәтижелеріне арналды. Бұл сессияға қатысқан Нидерланды, Түркия және Қазақстанның ғалымдары оқу бағдарламамның ерекшеліктеріне ерекше қызығушылық танытты.
«Бұл жұмыстың негізгі зерттеу сұрақтары мұғалімдердің сабақ жоспарлауда оқу мақсаттарын қаншалықты ескеретіндерін және оқу жоспарында көрсетілген материалды сабақта қаншалықты жиі пайдаланатындықтарына арналды. Сондай-ақ, зерттеу жүргізудегі қолданылған әдістері мен ақпаратты жинау, талдау құралдарын таныстырдым», – деді мұғалім.
Екінші зерттеу жұмысы шебер-сынып форматында таныстырлды. Қатысушылар «Сабақты зерттеу – Lesson Study» жобасының мұғалім кәсібилігінің дамуындағы әсері мен оқушылардың оқу үдерісінің түсінігі қалай өзгеретінің бірігіп талқылады. Бұл зерттеу жұмысына Испания, Жапония елдерінің педагогтері ерекше қызығушылық танытты.
«Конференция менің зерттеушілік дағдыларымды арттырды. Әлемге танымал ғалымдарды кездестіре отырып, олардың мазмұнды баяндамаларынан құнды ақпарат алдым» – деп бөлісті алған әсерімен Ақбота Базарбайқызы.
Конференцияда заманауи білім берудің басымдықтарын қарастырған әлем ғалымдарының 1000-ға жуық зерттеу жұмыстары таныстырылып, 900-ден астам тақырыптық сессиялар өткізлді.