Қызылордада тұрғындарды емханаға тіркеу жалғасуда
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Тұрғындар 15 қыркүйек - 15 қараша аралығында мекен-жайларына қарасты емханаларға тіркеле алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Әлеуметтік медициналық сақтандыру" фонд филиалының директоры Руслан Бектібаев мәлімдеді.
Өткен жылы облыстың 13491 тұрғыны емханаларға өз қалауы бойынша тіркелу науқанында өз мүмкіндіктерін пайдаланған.
«Қазір облыста тіркелім бойынша 776651 тұрғын бар.
2018 жылы облыс халқын 19 емхана тіркеуге алса, оның 13-і мемлекеттік, 6-уы жекеменшік емханалар. 2019 жылы 20 емхана тіркеу науқанына қатысса, 13-і мемлекеттік, 7-уі жекеменшік иелері. Тіркелген азаматтардың жалпы санының көпшілігі - 77,5% мемлекеттік клиникаларда тіркелген, қалған 22,5% жеке клиникаларды таңдаған», - дейді Руслан Бектібаев.
Емханаларға тіркеу не үшін қажет? Егер тұрғылықты мекен-жайы бойынша қаралып жүрген емхана көңіліңізден шықпаған жағдайда емхананы ауыстыру құқығын беруге және нарықтың жаңа қатысушыларына халыққа қызмет көрсету тапсырыстарын қабылдауға мүмкіндік беру үшін жасалады.
Биыл емханаларға өз қалауымен тіркелуі "eGov" электронды үкімет веб-порталы арқылы жасалады.