Енді елімізде балабақша кезегін де онлайн бақылауға болады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Балаларыңызды балабақшаға тіркеуге қойсаңыз, кезектің қаншалықты жылжығанын онлайн қарап бақылап отырыңыз.
Ол үшін egov.kz электронды үкімет порталында «Балабақшаға кезек нөмірін қарау» қызметін таңдаңыз.
Өтінімді толтырып, баланың ЖСН немесе тегін, атын және туған күнін енгізіңіз.
Қызметті онлайн Нұр-Сұлтан, Ақсай, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Арыс, Атырау, Қапшағай, Қарағанды, Қаражал, Көкшетау, Қостанай, Курчатов, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Сәтбаев, Семей, Талдықорған, Тараз, Текелі, Түркістан, Орал, Өскемен, Шахтинск, Шымкент, Екібастұз қалаларының тұрғындары ала алады.
Қызмет сондай-ақ Қазақстан Республикасының көптеген ауданында да қол жетімді.