Қызылордада индустрияландыру картасы аясында қолға алынған жобалар жемісін беруде
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің даму қарқыны, экономикаға инвестиция салу, құрылыс жұмыстарының көлемі және тұрғын үйді пайдалануға беру деңгейі бойынша республиканың қарқынды дамып келе жатқан аймақтарының бестігіне кірді.
Аймақ басшысының бірінші кезектегі іс-қимыл жоспарында аймақтық индустрияландыру карталарына кіретін облыстағы инвестициялық жобаларға басымдық береді.
Индустрияландыру аясында биылға жоспарланған жобалар:
-Шиелі ауданында қуаттылығы жылына 500 мың тонна тампонажды цемент зауытының өнімдерін өндіруді қамтамасыз ету жоспарлануда.
-Арал ауданындағы балықты тереңінен өңдеу және пластикалық қайық шығару цехы бойынша зауытты іске қосу көзделіп отыр.
-Қызылорда қаласында қуаттылығы 197 100 тонна/жылына табақша шыны шығару және өңдеу зауытын іске қосуды қамтамасыз ету;
-Шикізаттық емес экспорт көлемінің өсімі көрсеткішін 117,9 пайыз деңгейінде қол жеткізілуін қамтамасыз ету.
-Жаңақорған ауданындағы «Шалқия» кен орнында тау-кен байыту комбинатының құрылысын бастау;
-Қызылорда қаласында тұзды өндіру, өңдеу мен байыту бойынша өндіріс кешенінің құрылысын бастау;
-облыстағы индустриялық аймақтар орналасқан 5 жобаны іске қосуды бастау (шыны, молибден, күріш зауыттары, көкөніс қоймасы мен жылыжайлар).
-«Арал сода» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Қуаттылығы жылына 300 мың тонна кальцийлендірілген сода өндіретін зауытының құрылысы» жобасы бойынша құрылыс мәселесін пысықтау;
-Жаңақорған ауданындағы томат пастасын өндіру бойынша зауыттың құрылысы мәселесін пысықтау;
-Қызылорда қаласында планшет, смартфон және күн панелдеріне арналған аса жұқа шыны өнімдерін шығару зауытының құрылысы мәселесін пысықтау.
-Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы өңірлік инновациялар офисінің қызметін жандандыру.
-Қармақшы ауданында қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасының құрылысын жалғастыру.
- «Бала-Сауысқандық кен орнында қара тақта тасты автоклавты өңдеу» жобасының аммони метованадаты өнімін экспорттау бойынша жұмысты жалғастыру;
-Қызылорда облысының 2018-2019 жылдарға арналған мұнайгаз саласын дамыту бойынша Жол картасының жүзеге асыруын жалғастыру (ұңғымаларды бұрғылау, мұнай өндірудің инновациялық тәселдерін қолдану).
-Индустрияландыру Картасына енген барлық жүзеге асырылған жобалардың «жобалық қуаттылығына» шығу бойынша шаралар қабылдау.
-Экспортқа және жаңа технологияларды енгізуге бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды Кәсіпкерлікті қолдау картасына және Индустрияландыру картасына енгізу бойынша жұмыстарды жүргізу.
-Қазақстан тауарларының шетел нарығына өтуіне сауда тосқауылдарын жою мақсатында Экспорт саясаты бойынша кеңес жұмысын қамтамасыз ету.
-Отандық тауарөндірушілерді қолдау және импортталатын тауарлар көлемін төмендету мақсатында облыста «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу.
-Жүйелі проблемаларды анықтай отырып алдыңғы индустрияландыру бағдарламаларына егжей-тегжейлі талдау жасап 2020-2025 жылдарға арналған индустриалды инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы жобасына интеграциялай отырып оларды шешудің тиімді жолдарын пысықтау.