300 мың теңге пара алған қызылордалық шенеунік сотталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордадағы орман және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік мекемесінің басшысы пара алғаны үшін соталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Қызылорда орман және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік мекемесінің» басшысы Смағұловқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол пара алды деп күдіктелген.
«Ол мемлекеттік мекеменің жұмысшысынан жұмысқа орналастырғаны және қорғаушылық жасағаны үшін 300 мың теңге пара алды деп күдіктелді. 17 қыркүйекте Қызылорданың №2 сотының үкімімен Смағұловқа 12 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Смағұлов енді мемлекеттік қызметте өмір бойы жасай алмайды.