Үй жинауға аз уақыт кетірудің 4 әдісі
Заманауи өмір сүру қарқыны мен әрдайым уақыттың жетіспеушілігін ескере отырып, үй жинауға көп уақыт кетіргіміз келмейді. Уақытты дұрыс бөліп үйренсеңіз, көп уақыт кетірмей үйді тазалықта ұстауға болады. Осы тақырыпта бірнеше кеңес ұсынамыз.
1. Үйді күн сайын жинамаңыз. Тәжірибе көрсеткендей, егер күнделікті тазалық жүргізсе, жоспарлағаннан гөрі көбірек уақыт кетіріп аласыз. Тазалық жүргізуге нақты уақыт аралығын белгілеңіз. Мысалы, аптасына бір рет жаппай тазалық жүргізу. Алайда оған барлық демалысыңызды кетірмеңіз.
2. Алдымен керек емес затты лақтырыңыз. Қоқыс тастау – көпшілік үшін тазалау синонимі. Алайда үй жинауды бастамай жатырып, барлық қоқысты шығарып алыңыз. Қалған затты жинау азырақ уақыт алады.
3. Бірнеше істі қатар жасаңыз. Мысалы, шәйнектегі судың қайнағанын күтіп, ұялы телефоныңызды қарап отырып қалмаңыз. Ол қайнағанша ас үйдегі микротолқынды пешті немесе газды сүрте беріңіз.
4. Үй жинаған кезде қозғалыстың дұрыс бағытын ұстаңыз. Қалай болса солай жинап бастасаңыз, көп уақыт кетіріп аласыз. Сондықтан, бәріне белгілі тазалаудың принциптерін ұстаныңыз. Тазалауды жоғарыдан төмен қарай жүргізу керек. Мысалы, алдымен шкаф үстіндегі шаңдарды сүртіп алып, содан соң үстелдегі қиқымдарды сүртіңіз. Одан кейін шаңсорғышпен кілемді сорыңыз. Ең соңынан еденді жуып аласыз. Сонымен қатар, тазалау кезінде жоғарғы бөлмелерден шығар есікке қарай қозғалыңыз. Сол кезде шаңды үйдің бәріне тасымай, бір жерге жинайсыз.