Денсаулықты сақтау үшін лақтырып тастау керек заттар
Егер сіз өзіңіздің денсаулығыңызға бей-жай қарамасаңыз, онда ұзақ уақыттан бері қандай нәрселерді лақтырып тастауыңыз немесе оларды жаңаға ауыстыруыңыз керектігін қараңыз.
Ауаға арналған хош иісті спрей
Оларда үлкен мөлшерде адамдарға қауіпті химиялық заттар бар. Үйдегі иіспен проблема туындаса – онда оның шығу көзін іздеңіз және аэрозольдерді шашудың орнына соны жойыңыз.
Газдалған сусындар
Содалы және әр түрлі дәмді колалар. Бірақ әрдайым есте сақтаңыз, кез келген газдалған суысынның құрамындағы жасанды тәттілендіргіштердің зиянды екенін ғалымдар дәлелдеген! Ішкіңіз келсе - су ішіңіз. Егер сіз тәтті бірдеңе қаласаңыз - онда табиғи шырын ішіңіз.
Ескі кроссовкалар
Егер сіз спортпен айналысатын болсаңыз, онда спорттық аяқ киім өте маңызды екенін білесіз. Алайда кроссовка өмірі алты айдан аспауы керек, әйтпесе аяғыңызда қышыма қотыр пайда болуы мүмкін.
Ескі тіс щеткасы
Әлемдегі барлық стоматологтар пациенттерге ай сайын тіс щеткасын ауыстырып отыруға кеңес береді.
Артық заттар
Барлығында да мүлдем пайдаланылмайтын немесе өте сирек қолданылатын заттар бар. Оған шаң басып, артық орын алып жататын кәдесыйлар мен сыйлықтарды жатқызуға болады. Олардың кейбірі зықыңызды шығарды немесе ұнамайды, бірақ лақтырып тастауға қолыңыз барар емес. Жыл бойы пайдаланбаған нәрселерді тастаңыз - беріңіз, сатыңыз, ауыстырыңыз, қалай десек те қажетсіз заттардан құтылыңыз.
Тоңазытқыштағы ескі тағам мен азық-түлік
Егер сіз тоңазытқышыңызды ашсаңыз, ұзақ уақыттан бері тасталмаған тағамдар мен азық-түлікті таба аласыз. Сондай-ақ, сөрелерде бір қарап, жармалардың, консервілердің және басқаларының жарамдылық мерзімін қараңыз. 3 айдан астам уақыт бойы ашық қалған дәмдеуіштерді тастаңыз және оларды жаңаға ауыстырыңыз.
Пайдалану мерзімі өткен косметика
Сіз білесіз бе, мысалы, зиянды микроорганизмдер сіздің қарындашыңызда пайда болуы мүмкін. Ал сіз оны білмейсіз және күн сайын онымен көзіңізді әдемілейсіз. Көзге арналған қарындашты әр үш айда, тіпті егер ол аяқталмаса да ауыстыруды ұсынамыз. Өзіңіздің макияжыңызды үнемі тексеріп, оны жаңартыңыз. Айтпақшы, күннен қорғайтын лосьон мен спрейлердің жарамдылық мерзімі қысқа болып келеді. Өткен жылы сатып алсаңыз, осы жылы тиімді болмайды. Ешқашан пайдалану мерзімі өткен косметиканы пайдаланбаңыз, сонда теріңізде проблемалар болмайды.
Жанаспалы және түсті линзаларды сақтауға арналған сыйымдылық
Оларды үш айда бір рет ауыстыру керек, бірақ көптеген адамдар оны бір жылға дейін созады. Бұл көздің қабынуына әкелуі мүмкін.
Кір және бітелген сүзгілер
Көптеген адамдар тұрмыстық техникадағы сүзгілерді ауыстыру қажеттігін елемейді. Шындығында онда сіздің денсаулығыңызға қатер төндіруі мүмкін шаң-тозаң жиналып қалады.
Ескі кеудеқап
Кеуде қап ұзақ уақыт бойы тозбайды. Бірақ бұл оларды ұзақ уақыт киюге себеп болмауы керек. Олар созылады және нәтижесінде омырауды нашар ұстап тұратын болады. Бұл оның сыртқы келбетінің бұзылуымен қатар денсаулыққа да кері әсері тигізуі ықтимал. Киім-кешегіңізді жаңа іш киімдермен үнемі жаңартып отырыңыз. Бұл тек сән мәселесі ғана емес.
Жөке және ыдыс-аяқ жуатын жөке
Сіздің ыдыс-аяқ жуатын жөкеңіз үйіңіздегі ең лас заттардың бірі саналады. Тіпті дәретханаға қарағанда да лас. Ол өзінің ішіне микробтарды жинайды. Бұл жуынатын жөкеге де қатысты.
Кесуге арналған тақтайшалар
Ас үйдегі тақтайшада көптеген микробтар сақталады (тіпті оларды көрмесеңіз де - бұл олардың жоқтығын білдірмейді). Онда бактериялар көбейе бастайды. Ас үйлік тақтайшаларды жүйелі түрде ауыстырыңыз.
Дереккөзі: "Женское счастье"