Жұмыстан шығарып жібергенде не істеу керек?
Көп жағдайда жұмыстан қуылған жандар сары уайымға салынып, не істерін білмей қалады. Бұл мақалада сондай жандарға бағыт бағдар беріп, пайдалы кеңестермен бөліспекпіз.
Барлығы сіздің талпынысыңызға байланысты. Егер табысқа талпынған жан болсаңыз, алғашында есеңгіреп қалғаныңызбен, бойыңызды бірден жиып алып, жаңа жұмыс іздеуге көшесіз. Сізде үміт пен сенім бар. Ол ізденіске жалғасады.
Ал кейбір жандарға жұмысын жоғалтқаны аса ауыр тиіп, біраз уақыт есеңгіреп қалуы мүмкін. Ол өзін де, өзгелерді кінәлі санап, қайғыра бастайды. Өзін құрбан санап, жегідей жейді.
Мұның барлығы адамның балалық шағындағы бастан өткергендеріне тікелей байланысты. Егер баланы кішкентай күнінен үрейлендіріп, әлемнің қандай қорқынышты екендігін айта берген болса онда жан жағына деген сенімсіздік пайда болады. Сенім болмаса сәтсіздіктер де туындай бастайды...мұндай жандарға не істеу керек?
Алдымен талпындырып, талаптандыру керек. Бұл өмірде онсыз болмайтынын, тырысып бағу керектігін ұғындыру арқылы оған жаңа түсінік сыйлауға тиіспіз. Барлығына өзіне байланысты, өзіне сен, дәлелде, ұмтыл!
Адамды жұмыстан шығарып жібергенде ол өзін шарасыз, қолынан ештеңе келмейтін жан есептеп, қиналады. Өзін өзі кінәлайды...Мұндай кезде барлық жайт тек бір адамға байланысты емес екендігін, жағдайдың түрлі болатындығын түсіндіріп бағу керек. Бұл өмір. Әртүрлі жағдаяттар болады. Бастысы үнемі позитивте болыңыз. Жұмыстан шығарып жіберді ме? Бұл деген мүмкіндік қой! Сіз үшін бұдан да табысты, бұдан да қызықты жұмыс орнын табу мүмкіндігі. Олай болса, еңеңізді түсірмей, қапы жібермеңіз!
Дереккөз: Женское счастье