ҚЫЗЫЛОРДАДА АРДАГЕРЛЕРГЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК 10% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТЫЛМАҚ
Қызылордада Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен зейнеткерлер үшін әлеуметтік дәріхана ашу туралы мәселе қозғалды, деп хабарлайды BNews.kz.
Қызылордада қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев есеп берді. Онда халық бірқатар маңызды әлеуметтік мәселе көтерді. Мысалы, тұрғындардың өтініші бойынша арнайы, «дағдарысқа қарсы» дәріхана ашу мәселесі қозғалды. Онда Ұлы Отан соғысының ардагерлері, зейнеткерлер мен табысы төмен азаматтар дәріқағаз арқылы барлық қажетті дәрі-дәрмекті 10% жеңілдікпен сатып алатын болады.
Қызылорданың атқарушы билігі бұл идеяны қолдайтынын айтты.