Қызылордада «Учаске» республикалық профилактикалық шарасы жүргізілуде
oldkaz.kyzylorda-news.kz. ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, республика аумағында 15 қыркүйек-10 желтоқсан аралығында «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Профилактикалық шараға учаскелік полиция инспекторлары және ішкі істер органдарының басқа да құзырлы қызмет салаларымен қатар Пробация қызметінің инспекторлары да жұмылдырылды.
Шара барысында пробация қызметінің инспекторлары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтар мен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға тартылғандарды мекен-жайлары бойынша тексеріп, олармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шара ағымдағы жылдың 10 желтоқсанына дейін жалғаспақ.