19 қыркүйек: Атаулы күндер мен оқиғалар
«Смайликтің» туған күні
1982 жылы 19 қыркүйекте Карнеги-Меллон университетінің профессоры Скотт Фальман (Scott E. Fahlman) компьютерде терілетін мәтінде «күлімсіреп тұрған бет-әлпетті» көрсету үш қос нүкте, дефис және жабылатын жақшадан тұратын қатар келген үш символды пайдалануды ұсынды. Алғаш рет смайликті пайдаланған хабарлама 2002 жылы пленкада сақталған хабарландырулар тақтасының мұрағатынан табылды. Қазір смайлик электрондық қарым-қатынастың айнымас белгісі болып қалды. Смайликтер әңгімелесушіні дұрыс түсінуге, оның көңіл күйін байқауға көмектеседі.

1988 жылы Қазақстанның алғашқы коммерциялық банктерінің бірі саналатын «БанкЦентрКредит» АҚ құрылды.
1995 жылы 1995 жылдың 20 қаңтарындағы Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы арасындағы кедендік одақ жөніндегі келісімге сәйкес, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Кедендік одақ құрылуының бірінші кезеңін аяқтау жөніндегі уағдаластықты жүзеге асыру мақсатында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы шекараның кедендік бақылауын жою туралы» қаулысы жарияланды.
2006 жылы Қазақстанда тұңғыш рет журналистика энциклопедиясы шығарылды. Оны шығарған Қазақстан журналистика академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев.
2011 жылы Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың сапары барысында Францияда бірлескен қазақстандық-француз өндіріс құру туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан аумағында біріктіруші электр жетегін өндіретін бірлескен кәсіпорын ашу туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Альстом» (Alstom) команиясының арасындағы құжатқа қол қойылды. Бұдан басқа, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Францияның геологиялық және тау-кен зерттеу бюросы арасындағы сирек металл бойынша бірлескен зертхана құру жобасы бойынша келісімге қол қойылды.