Ресей Түркияны «Байқоңыр» ғарыш айлағын бірігіп игеруге шақырды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Әзірге түрік азаматы ғарышқа ұшып көрген емес.
«Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозин Ресей және Қазақстанмен бірге Байқоңыр ғарыш айлағын игеруге Түркияны шақырды, деп хабарлайды РИА Новости.
«Роскосмос» ғарышқа өз аппараттарын шығару үшін Түркияға өз зымырандарын ұсынуға дайын. Ол үшін мұны түрік аумағында зымырандарды ұшырудың қажеті жоқ. Оның орнына біз үш ел де пайдалана алатын жоба жасап, Байқоңырды бірге тиімді игеретін едік», - деді ол өз сұхбатында.
Рогозиннің пікірінше, мұндай жобаның қатысушысына Ресей «технологиялар трансфертін» ұсынса, Қазақстан «өзінің ерекше ғарыш порты» қызметін бере алады.
«Менің ойымша, бұл болашағы бар жоба», - деді ол.
Бұған дейін Біріккен араб әмірлігі Ресей және Қазақстанмен бірге «Союз-2» зымырандарын ұшыру үшін ұшыру алаңын модернизациялауға қатысуға келіскені туралы хабарланған.
Әзірге түрік азаматы ғарышқа ұшып көрген емес. 2005 жылы Түркияда Ұлттық ғарыш зерттеулері бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаға сәйкес, 2010 жылы түрік ғарышкерлерін даярлау, ал 2014 жылы - түрік кемесін ұшыру жұмыстарын бастау жоспарланған болатын. Бірақ ол жоспарлар жүзеге асырылмады.
Айта кетейік, 2018 жылдың желтоқсанында Түркияда Ұлттық ғарыш агенттігі құрылған болатын.