Медициналық сақтандыру қорына қызылордалықтар 5,8 млрд. теңге аударды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша 2019 жылдың тамыз айында медициналық сақтандыру қорына түскен төлемдер 266,6 млн.теңгені құрады, деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы.
«2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 31 тамызы аралығында жұмыс берушілер мен жекеменшік кәсіпкерлерден міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға 5,8 млрд. теңге аударды. Оның 5,6 млрд теңгесі (96,5%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 178,3 млн. теңге (3,5%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі», - делінген хабарламада.
Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.