Ұйымдасқан қылмыстық топ құрған қызылордалықтың суреті жарияланды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, жетекшілік еткен күдіктілердің фотосын жариялады.
Олардың арасында 1987 жылы туылған қызылордалық азамат та бар.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, қазіргі уақытта төрт қазақстандық ҚР ҚК 262-бабы, 1-бөлігінде көрсетілген қылмыс жасаған деп күдікке ілініп, іздеу жарияланды. Олар:
1.Вадим Давыдов, 1968 жылғы, оны ШҚО МКД іздеуде;
2.Нариман Хасенов, 1984 жылғы, Нұр-Сұлтан МКД;
3.Ақылбек Оразалиев, 1987 жылғы, Қызылорда облысы ПД;
4.Фарит Мухамедьяров 1967 жылғы, Шымкент МКД.